Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда бес буынға жалғасқан теміржолшылар династиясы бар

Өмірі темір жолмен біте қайнасқан Меңлібаевтар отбасы оралдықтарға жақсы таныс. Өйткені бұл әулеттің барлық мүшесі осы салада еңбек етеді. Еңбек өтілі екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталатын еңбек адамдарының бір күні туралы келесі материалда.

Алыс сапардан келген әрбір тепловозды Ербол Меңлібаев осылай мұқият тексеріп шығады. Босаған бұранда мен аққан май секілді кем-кетік қырық жыл шойын жолда тер төккен жігіт ағасының қырағы назарынан сырт қалған емес.

Ербол МЕҢЛІБАЕВ, ТЕМІРЖОЛШЫ:

Май құятыны май құяды, болт тартатыны болт тартады. Өздерінің жұмыстарын істеп шығады. Солар болғаннан кейін мен қарап шығам. Қарап шығып, кемшіліктері болса қайта істетем. Сосын тепловозды шығарамыз. Оған дейін теполовоз шықпайды, мыналар істеп болмай.

Ерболдың атасы мен әжесі, әкесі де осы саладан нәсібін тауыпты. Кейін өзі де жұбайымен бірге осы жолды жалғастырды. Еңбек өтілі екінші дүниежүзілік соғыстан басталатын сыйлы әулеттің суреті бүгінде деподағы музейдің төрінде тұр. Әріптестері ерлі-зайыпты теміржолшыларды үлгі тұтады.

Гүлмира ӨТЕУЛИЕВА, ӘРІПТЕСІ:

Әрбір мероприятие кезінде осы кісі өз қолына алып, аяғынан басыне дейін өзі жүреді. Өзі ұйымдастырады. Туған күн, бәріміздің туған күнімізді өзі құттықтап, өзі ешқашан ұмытпайды. Отбасы жағынан өте сондай керемет адамдар. Әрі жақсы болсын, жаман болсын жағдай болғанда ең бірінші қатарда көмекке келіп тұратын кісі.

Өмірі темір жолмен өрілген ерлі-зайыптылардың төрт ұлы мен бір қызы да атакәсіпке адалдық танытқан. Қазір осы шаңырақтың төртінші буыны темір жолда еңбек етеді.

Тынымгүл ЕРМЕКБАЙҚЫЗЫ, ЖҰБАЙЫ:

Бұл кісі бар кезде мен ешқандай қиналған жерлерімді жөндеп жібереді. Қағаздарымды басып береді жүгіріп солай. Бір жерін үлгіре алмай жатсам, көмектесіп жібереді. Өзіме жолдасыммен бірге жұмыс істеген ыңғайлы. 17 жыл болды жұмыс істеп жатқанымызға.

Ербол МЕҢЛІБАЕВ, ТЕМІРЖОЛШЫ:

Бір жылдай жұмыс істедім әкемнің қасында слесарь болып, сосын армияға кеттім. Екі жыл армияда болдым. Армиядан келгеннен кейін қайтадан әкемнің қасына бардым слесарь болып. Сол жүрген кезде машинистерді көріп, машинистердің формалары күшті, тепловозды армандадым машинист болсам екен деп, қызығасың ғой просто. Содан қасымда локомотив депосы болған. Сонда локомотив депоға курсқа жазылып, помощник курсын оқыдым алты ай. Машинист болдым.

Пойыздың гудогі мен гүрсілі немере-жиендерімізге де жақсы таныс, дейді Ербол. Айтуынша, олар да осы салаға баруға дайын. Әсіресе үлкен немерелері жолсерік болуға қызығып жүр екен.