"Ұлы дала жорығы" сайысынан Батыс Қазақстан облысының командасы да шығып қалды. Олардың жылқылары тым жас, әрі болдырып қалған. Ал, Шымкент, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының бір-бір шабандоздары да ойыннан шықты. Үшінші кезеңде жамбылдық топ жарды. Екінші Маңғыстау облысы, үшінші болып Жетісу шабандоздары келді. Енді 17 команда жарысты жалғастырады. Айта кетейік соңғы меже – Түркістан қаласында. «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесіне "AMANAT" партиясы, JORYQ ат спорты федерациясы, Туризм және спорт министрлігі қолдау көрсетуде.