Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтетін болды

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2023
  • 787

Жақында ресейлік әртіс Максим Галкин Қазақстан билігі жеке кешін өткізуге тыйым салып жатқанын айтқан болатын. Сол мәлімдемеден кейін Алматыда әзілкештің концерті өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ресейлік әртіс Максим Галкиннің концерті 8 қазан күні Астанада, 9 қазан күні Алматыда өтетін болды. Бұл туралы өнер иесінің продюсері Алексей Пучков өзінің Instagram-дағы парақшасында жария етті.