Русский Сайттың толық нұсқасы

Мароккодағы алапат жер сілкінісінен көз жұмғандардың саны екі мыңнан асты

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2023
  • 507

Мароккодағы алапат жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны екі мыңнан асты, сондай-ақ тағы екі мыңнан астам адам зардап шеккен. Бұл туралы РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

"Жер сілкінісінен 2012 адам қаза тауып, 2059 адам зардап шеккен, оның ішінде 1404-і ауыр жарақат алған", – делінген Hespress газетіне сілтеме жасаған агенттік хабарламасында.

Агенттік жазуынша, Марокко королі Мұхаммед VI жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін елде үш күндік аза тұту күнін жариялап, Корольдіктің мемлекеттік туларын жартылай түсіріп қоюды бұйырды.

"Үш күндік аза тұту күнін жариялау және барлық мемлекеттік ғимараттағы мемлекеттік туларды түсіру туралы шешім қабылданды", – деп жазылған материалда.

Сондай-ақ агенттік мәліметінше, Марокко королі баспанасыз қалғандардың барлығына көмек көрсетуді, жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардағы қираған үйлерді қалпына келтіру бағдарламасын әзірлейтін ведомствоаралық комиссияны жедел құруды тапсырды.