Русский Сайттың толық нұсқасы

Роналду алаңға шықпаған ойында Португалия құрамасы 9:0 есебімен жеңіске жетті

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2023
  • 687

Футболдан Португалия құрамасы өз тарихында ең ірі есеп айырмасымен жеңіске жеткен ойын рекордын жаңартты. Олар 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы ойында Люксембургті 9:0 есебімен ұтты. 

Фарудағы "Алгарве" стадионында өткен ойынға команда көшбасшысы Криштиану Роналду қатысқан жоқ. Ол сары қағаздарының көп болуына байланысты бұл ойыннан шеттетілген еді. 

Роналду алаңға шықпаған ойында Португалия құрамасы ең ірі жеңісіне қол жеткізді. Құрама сапында Инасиу Гонсалу, Гонсалу Гомеш, Диего Жота екі-екі голдан соқса, Рикарду Орта, Бруну Фернандеш пен Жоау Феликс бір-бір голдан өз еншісіне жазды. 

Португалия құрамасы бұған дейін Лихтенштейн футболшыларын екі рет (1994, 1998) 8:0 есебімен ұтқан. 2003 жылы дәл осындай есеп айырмасымен Кувейттен басым болған. Люксембургті 9:0 есебімен ұтып, осы рекордтарын жаңартты. 

Іріктеу кезеңінде Португалия тамаша нәтиже көрсетіп келеді. 6 ойында да жеңіске жетіп, 18 ұпай еншіледі. Қарсыластар қақпасына 24 гол соғып, қақпаларына бірде-бір гол өткізбеген.