Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарабақтағы кезекті қақтығыстың қаупі, ЕАЭО үкімет басшылары жиынының өтпей қалуы

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2016
  • 2191

Кавказ аймағының әлемнің энергетика саудасында алатын орнын ескерсек, әлем елдері Әзербайжан мен Армения арасында соғыс басталып кетпеуін тілеп алаңдап отырғаны рас.

«Азаттықта» шыққан материалда авторлар Қарабақтағы қақтығыстың астарларына үңіледі. Әзербайжаннан тартылған екі құбыр Кавказды кесіп өтіп, Батыс Еуропаға мұнай мен газ тасымалдайды. Екі құбыр да - Таулы Қарабаққа жақын маңнан өтеді. Кикілжің ушыққан күнде Еуропаның Ресей энергоресурстарына тәуелділіктен құтылып, шикізатты көбінесе Каспийден алсам деген жоспары жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ал Мәскеу энергетикалық ресурстарын көрші елдерге қысым жасау құралы ретінде пайдаланып келеді, бұл әсіресе Кремльдің Грузия және Украинамен қақтығыстары кезінде анық байқалды. Оның үстіне үлкен соғыс шығып кетсе, оған Түркия мен Ресей килігуі мүмкін. Себебі Ресей Армениямен, ал Түркия Әзербайжанмен өзара әскери жәрдем жөніндегі шартқа қол қойған. Бұған қоса былтыр қарашада Сирия шекарасында әскери ұшағын Түркия атып құлатқалы Мәскеу Анкарамен дүрдараз. Қарабақ жанжалы кесірінен бұл ерегестің соңы насырға шабуы ықтимал.
 Бакумен әскери келісім-шартқа отырған Анкара бауырлас түркі мемлекетін өзінің ықпал аймағы ретінде қарастырады. 5 мың сарбазын Армениядағы әскери базада тұрақты түрде ұстап отырған Ресей де бұл өңірді өзінің ықпалы жүруі тиіс аймақ санайды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Соңғы оқиға кейінгі жылдары келіссөздер процесінде ілгерілеушілік болмағанын көрсетіп отыр. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық тобының Минск тобы жұмыс істейтінін білесіздер. Алайда қақтыстың шығуы саси келіссөздері белсенді жүргізу керектігін көрсетеді. Позицияларды келістіруді қайтадан бастау керек. Қарабаққа байланысты біздің еліміздің позициясы белгілі – тек келіссөздер арқылы, тек бейбіт жолмен шешу. Диалог пен мәмілеге арқылы. Текетірескен елдер арасында. Әзірбайжан мен Армения арасында.

Осы аптаның соңында Ереванда Еуразиялық экономикалық одақтың үкімет басшыларының жиыны өтуі керек етін. Бірақ апта ортасында еліміздің премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Ереванға бармайтыны хабарланды. 

«Азаттықта» пікір білдірген саясаттанушы Расул Жұмалы мұны «дұрыс шешім» деп бағалайды. 

Қазақстан ЕАЭО төрағасы ретінде саммиттің өткізу уақытын, орнын өзгертуге ұсыныс жасауға толық құқылы. Саммитке қатысты өзгерістер Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты екені анық. Егер саммит Ереванда өтсе, қатысқан елдер Таулы Қарабақ [қақтығысы] жағдайында Арменияға қолдау білдірген болып көрінеді. Әзербайжан - саяси және экономикалық тұрғыда Қазақстанға әлдеқайда жақын, серіктес ел. Сондықтан Қазақстан [үкіметі] делегациясы Ереванға барған жағдайда Әзербайжан ол сапарды Арменияға қолдау деп қабылдауы мүмкін еді, - дейді ол.

РБК арнасының порталы Ресей үкімет басшысы Дмитрий Медведевтің баспасөз хатшысы Наталья Тимаковаға сілтеме жасай отырып, Қазақстанның ЕАЭО үкімет басшыларының жиынын Мәскеуде өткізу ұсынысын Ресейдің қабыл алғанын жазды. Алайда Арменияға сапарынан бас тартпаған Медведев Ереванда «үкімет басшыларының жиынын жақын арада өткізуге тырысамыз»,- деген. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша. Иә, жиынды шегере беруге болмас. Алайда оның «жоспарлағандай, Ереванда» дегені...    

Армения мен Әзербайжанның арасындағы даулы аймақ – Таулы Қарабақтағы жағдай сәуірдің 2-іне қараған түні күрт шиеленіскен еді. Қарулы қақтығыс кезінде екі тараптан да ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған. Негізінен армяндар көп қоныстанған Таулы Қарабақ автономиялық облысы 1991 жылы Әзербайжан құрамынан шығатынын мәлімдеген. Мұның ақыры Армения мен Әзербайжан арасындағы қарулы жанжалға ұласып, 30 мыңға жуық адам ажал құшты. Халықаралық бітімгерлердің қатысуымен 1994 жылы Армения мен Әзербайжан арасында атысты тоқтату туралы уағдаластық жасалған. Алайда даулы аймақпен шектесетін сызық бойында әзербайжан мен армян әскері арасында бұған дейін де кішігірім қақтығыстар тыйылмаған.

 Әзірбайжан біз үшін өте маңызды транзиттік бағыт ғана емес...