Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде қылмыс жасады деген күдікке ілінген екі мыңнан астам адам іздеуде жүр

  • AstanaTV
  • 13 қыркүйек 2023
  • 760

Елімізде қылмыс жасады деген күдікпен 2372 адам іздеуде жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокуратура өкілдерінің мәліметінше, олардың 510-ы алаяқтық, 318-і ұрлық жасаған деген күдікке ілінген. Адам өліміне қатысы бар 146 адамға іздеу жарияланған.

Қашып жүргендердің ең көбі Алматы қаласынан. Онда іздеуде жүргендердің саны – 514. Астанада 185, Шымкентте 155, Алматы мен Қарағанды облыстарында 140-қа жуық адамға іздеу жарияланған.

Ал елімізде із-түссіз жоғалып кеткен азаматтардың саны 11 мыңға жуықтаған. Олардың 77%-ы – 30-49 жас аралығындағы ер адам.