Қостанай облысында 5 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Ал Алматыда А гепатитіне шалдыққандар 7 есе көбейген. Қызылша, жедел респираторлы вирустық инфекцияның да өсімі бар. Елдегі эпидахуал дәрігерлерді алаңдатып отыр.
Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:
Иә, Бекболат короновирус індетін жұқтырғандарға арналған аурухана қазір қызылша мен вирусты гепатиттің түр-түрімен сырқаттарған науқастарға толы. Бұл жерде карантин режимі қатаң сақталған. Дәрігерлер көрінбейтін жаумен күні-түні күресуде.
Күләйхан ЖҰМАҒҰЛОВА, ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ИНФЕКЦИОНИСІ:
Бұның жұғу тәсілдері -өте тез тарайды және ауа арқылы. Бір бөлмеде азғантай уақыт болған жағдайда болған балаларға жұғу қауіпі жоғары. Басқа бөртпелерден ерекшелігі- бұл бөртпе бетінің, маңдайдың, құлақтың артынан пайда болып біртіндеп төменге түсе бастайды
Қызылша, жоғары инфекциялық вирустық ауру, өкпе мен мидың қабынуын қоса, ауыр асқынуларды тудыруы мүмкін. Әсіресе қызылшаға қарсы вакцинацияланбаған балаларға қауіп төніп тұр.
БЛИЦ-ОПРОС:
- Күзде сондай болып жатыр, эпидемия сияқты. Балалар қызылшамен ауырып жөтеліп.
- Әлбетте ауру болады, болмай тұрмайды. Өзім ауырған кезде маска тағам ең бірінші очередь.
- Қазір қаладағы жағдай қорқынышты. Барынша үйден шықпау керек. Үйде қорғанып отыру керек деп ойлаймын
Мегаполисте қызылша мен ЖРВИ-ден бөлек жіті А вирусты гепатиті өршіп тұр. Былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 7 есе өскен.
Гауһар ҮКІМБАЕВА, АЛМАТЫ Қ. САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
А вирусты гепатитімен сырқаттанушылықтың 60% -ересек адамдар, 15% - жасөспірімдер, 25% -14 жасқа дейінгі балалар. АВГ ауруға қарсы егілмегендер арасында тіркеледі.
Сондай-ақ, дәрігерлер биыл короновирус тіркелген 2270 науқасты анықтады. Қалада әлі де Омикрон штаммы тарап жатыр дейді. Тобыл өңірінде де коронавирус індеті бас көтерген. Соңғы он күнде 5 адамның ковид жұқтырғаны анықталды.
Гүлмира МАҒЗҰМОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Коронавирустық инфекция маусымдық аурудың ерекшеліктерін көбірек қабылдағандықтан эпидемиялық процесс күзгі, қысқы кезеңде белсенді болуы мүмкін.Тұмауға қарсы вакцинация екінші қазаннан басталады. Коронавирусқа да қарсы вакцина жеткілікті. Қазір барлық емханаларда синафарм вакцинасы бар.
Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:
Мамандардың пікірінше, инфекциялардың ішінде қазіргі кезде ең тұрақсызы- қызылша. Жыл басынан бері 4825 адам жұқтырған. Абырой болғанда биыл вирустық сырқаттардан өлім-жітім тіркелмеген.