Русский Сайттың толық нұсқасы

Таиланд қазақстандықтар үшін уақытша визасыз режим енгізеді

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2023
  • 489

Қазақстан азаматтары Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет.

Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді.

Жарамды жол жүру құжаты – ҚР азаматының паспорты, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс.