Ливияда су тасқынынан 800 мыңнан астам адам зардап шекті. Ал қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Al-Arabiya телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Су тасқынынан зардап шеккендердің саны 11 мыңнан асты, 20 мыңға жуығы із-түзсіз жоғалғандар", - делінген хабарламада.
Су тасқынынан кейін Ливиядағы ғимараттардың айқын заң бұзушылықпен салынғаны белгілі болды. Қазірті таңда қаладан із де қалмай, екі мыңнан астам ғимарат толығымен қираған.
Ливияға әлемнің түкпір-түкпірінен еріктілер мен материалдық көмек жіберілуде. Соңғы мәліметтер бойынша, елдер Ливияға 70 миллион доллардан астам қаржы жіберген.