Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қолыңды бүйіріңе таянып алып отырма": Әнші Жеңіс Ысқақова енелерге ақыл айтты

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2023
  • 745

Белгілі отандық әнші Жеңіс Ысқақова келінімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі келінін “сәнім” деп еркелетеді екен. Мұны желіде ене мен келіннің ас үйде қамыр жайып жатқан видеосынан байқауға болады. Жеңіс Ысқақованың айтуынша, келіні видеоға түсуге келіспеген.

“Келінім басында қарсы болды. Бірақ мен көрерменге үйдегі Жеңістің қандай ене екенін, ене мен келіннің сыйластығын көрсетейік, менің замандастарыма және сен сияқты жас келіндерге қызық болсын деп видео түсірдік. Келінім келісті, бірақ бет-әлпетін көрсетпеуін сұрады. “Түрімді көрсетпей-ақ қойыңызша, мектепке барғанда ұяламын” деді. Менің келінім – мұғалім, жас ұстаз. Мен өтінішін ескердім. Камера кейде көрсетіп қояды ғой. Біз екеуіміздің ортамыздағы сыйластық пен махаббатты көрсете алдық деп ойлаймын. Шынында да, келініме Аллаға шүкір, ризамын. Келінім ибалы, инабатты, білімді, қазақы тәрбиесі бар, ана тәрбиесін көрген сондай жақсы қыз. Сәнім аман болсын. Сәніме көз тимесін деп көп көрсете бергім келмейді”, – дейді Жеңіс Ысқақова.

Сондай-ақ Жеңіс Ысқақованың келін түсіріп отырған замандастарына айтары бар екен.

“Келін – сіздің Отаныңызға келіп отырған ол да біреудің баласы. Сіз ол баланы қабылдап, жақсы көру керексіз. Сіздің балаңыз ұнатқан жарын сіз келген бойда сын көзбен қарамай, жақсы көруге тиіссіз. Аллаға сансыз шүкір, балам келінімді жақсы көрген сайын мен қуанамын. Екеуінің махаббаты берік болса, сондай махаббаттан туылған менің немерелерім да бақытты болады деген сенімдемін. Болашағыңыздың, балаларыңыздың, ұрпағыңыздың бақытты, ақылды, сұлу болғанын қаласаңыз келінмен дос, сырлас болу керек. Ас үйде де: “Келін ғой, істеп ал” деп қолыңды бүйіріңе таянып алып отырма. Көмектесіп жібер, бір үйдің абысын, келініндей болу керек. Келін ақыл-есі дұрыс адам болса, сондай сыйластықты қабылдайды, түсінеді және қолдайды”, – дейді өнер иесі.