Барлық өңірде «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесі құрылмақ. Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкімметте өткен «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде кеңесте осындай тапсырма берді. Оған агроөнеркәсіптік кешен немесе экономика салаларына жетекшілік ететін облыс әкімдерінің орынбасарлары басшылық жасайды. Айта кетейік, жоба аясында биыл 29 млрд теңге сомасына 5,3 мың микрокредит беріліп, соның есебінен 4,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Өңірлердегі жобалық кеңсенің басты міндеті жоба жұмысын үйлестіру, бағыттарды айқындау, несиені бөлу кіреді. Біз 2024 жылға арналған несиені сіздердің қазіргі жұмыстарыңызға қарай үйлестіреміз. Егер сіздер скрининг жүргізіп, проекттерді айқындап, "Ауыл Аманаты" жобасының шарттарына сай келеді десеңіздер, тұрғындар 2024 жылға несие ала бастайды. Егер мұндай жұмыс жүргізілмеген өңірлерге қаржы бөлінбейді. Тұрғындар несие алмайды. Бұл жағдайда халыққа облыс әкімі жауап береді.
«AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев қымбатшылықты ескере отырып, аграрлық техниканы сатып алуға қаражат қарастыру қажет деді.
Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Біз ауылдардың деректерін жинадық. Өңірлерде өндірілетін ет және сүт өнімдері көлемінің дерегін салыстыру үшін ауылдық округтерде сауалнама жүргізу қажет. Бір бірімізді алдаудың қажеті жоқ. Бұл мәселеге "AMANAT" партиясы атсалысады.