Русский Сайттың толық нұсқасы

«Дара» қоры мен Нью-Йорк академиясы қазақстандық студенттерді кино өнеріне баулиды

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2023
  • 766

Нью-Йорк кино өнері академиясы мен Алматы Менеджмент университеті білім беру бағдарламалары саласында ынтымақтастық орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Almaty Management University (ALMA-U) және Нью-Йорк кино өнері академиясы (NYFA) білім беру бағдарламалары саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

«Дара» президенттік бастамалар қорының қолдауымен қол қойылған құжат Қазақстан мен АҚШ жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа бастауы болмақ. Келісімнің маңызды бөлігі - шығармашылық кәсіптер үшін білікті кадрларды дайындау және жасампаз индустрияны дамытудағы күш-жігерді біріктіру.

Мемлекет басшысының Жолдауында Қазақстанның жасампаз экономикасының кең ауқымды дамуы үшін жағдай жасау міндеттері қойылған.

«Өңірлерді аралағанда үнемі талантты, шығармашыл азаматтарды кездестіремін. Олардың еліміздегі жасампаз экономиканың кең ауқымды дамуы үшін өз әлеуетін толық іске асыруы үшін жағдай жасау маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Дара» Президенттік бастамалар қоры шығармашылық өндірісті қалыптастыруға және еліміздің дарынды жастарын қолдап, дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Қазақстан мен АҚШ оқу орындарының өзара әрекеттестігі инновациялық экономиканың, оның ішінде жасампаз экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыратын таланттарды даярлау үшін үлкен мүмкіндіктерге ие.

Қол қою рәсімі Нью-Йорк академиясында өтті. Құжатқа «Дара» қорының өкілдері мен NYFA басшылығы қол қойды.