Семейде автобуста әйел адамға тиіспек болған азамат ұсталды.
«Әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында облыс орталығы тұрғынының өзіне автобуста тиіспек болған ер адамға қатысты жарияланымы анықталды. Абай облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, ер адамның жеке басын анықтады. Ол қолға түсіп, Семей қаласының Орталық полиция бөліміне жеткізілген 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты», - делінген хабарламада.
Ер адам ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.