Русский Сайттың толық нұсқасы

Comic Con Astana фестивалі аясында Гарри Поттер қазақша сөйледі

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2023
  • 1034

Comic Con Astana фестивалі барысында Гарри Поттер дастанын қазақ тіліне бейімдеу арқылы танымал «Stepe&World» баспа үйінің өкілдері өз туындылары мен Поттер жанкүйерлерінің қолдауы туралы айтты.

«Stepe&World» баспасының негізін қалаушы әрі директоры Раиса Сайран Қадырдың атап өтуінше, кітапты тек аудару емес, қазақтілді ортада қызығушылық клубтарын құру маңызды. Мысалы, баспа үйі «Поттерхедтер» деп аталатын жас сиқыршы Гарри Поттер туралы дастан жанкүйерлері қауымдастығын қолдайды.

«Біз үшін кітапты аудару ғана емес, оқырман санының барынша көп болуы маңызды. Сондықтан, Гарри Поттер туралы кітаптарды аударумен қатар, біз Поттерхедтер қауымдастығын да дамытамыз. Кітап қазақ тіліне аударылмаған кезеңде қалыптасқан алшақтықты жою біз үшін маңызды», - деп атап өтті Раиса Сайран Қадыр.

«Steppe&World» баспасы қазақ тілін танымал етумен және әлемдік бестселлерлерді аударумен айналысады. Осы уақытқа дейін баспа 100-ге жуық кітап мен комиксті аударды, олардың арасында Гарри Поттер сериясынан басқа «Нарния шежіресі», «Догман» комикстері және «Әлсіздің күнделігі» бар.

Comic Con Astana – комикстер индустриясына, кинематография, видео ойындар, аниме және өзге де заманауи бағыттарға арналған халықаралық фестиваль. Қазақстан астанасында бұл шара 15 қыркүйекте басталған болатын, бүгін соңғы күн.