Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздегі ақбөкен саны 2 миллионға жетті

Соңғы санақ бойынша еліміздегі ақбөкен саны 2 миллионға жетіп жығылған. Олар әсіресе батыстағы шаруалардың егістігін отап, берекесін алуда. 12 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген. Сарапшылар киік саны жыл соңына дейін 2 миллион 600 жүз мыңға жетуі мүмкін дейді. Атқамінерлер де шаруалардың жайын түсініп, 300 мың ақбөкенді жоюды қолға алмақ. Ал аттық делік! Оның еті мен мүйізін қалай пайдаланамыз? Ысырап болып қалмай ма деген сұрақ көпті толғандырады. Бірі атып санын азайту керек десе, бірі бұл іске үзілді-кесілді қарсы.

Константин ПЛАХОВ, ЗООЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНА ҚАРАСТЫ БИОЦЕНОЛОГИЯ ЖӘНЕ АҢТАНУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

1999 жылдары киікті аттық. Бірақ бұл тиімсіз болды. Қазір де атуға рұқсат берсек, рұқсаты бар адам 100-ін ату керек болса, бірақ ол 300 не 400 атса не болады? Біз оны бақылай алмаймыз. Ақбөкендер күрт азайып кетуі мүмкін. Менің ойымша ең тиімді шешім- ол қоршау құру керек. Бұл процесс 1989 жылы практикада болған. Тиімді деп айта аламын.