Русский Сайттың толық нұсқасы

Екпінді жел мен тұман: Қазақстан бойынша19 қыркүйекке арналған күн райы болжамы

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2023
  • 603

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында екпінді жел соғады, батыста, солтүстікте, шығыста, республика орталығында тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күннің аяғында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +22+24°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +25+27°С.