Арқа төсін ат дүбіріне бөлеген шабандоздар Түркістанға жетті. Олар екі аптада 1300 шақырымды жүріп өтті. Өкінішке қарай, жарыстан 15 команда шығып қалған, 4 команда мәреге жетті. Бірінші болып Жетісу облысының командасы келсе, екінші Ақтөбе, үшінші алматылық шабандоздар келді. Сондай-ақ Астанадан Түркістанға бір атпен келген Маңғыстау облысының Адай жылқысы рекорд жасады. Сөреге екінші болып жетісулық шабандоз келді. Артынша астаналық шабандоз жетті. Осылайша «Рекорд» командасы діттеген мақсатын орындады. Жеңімпаздар арнайы қаржылай сыйлықтармен марапатталды.