Астана қаласындағы С. Нұрмағамбетов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"19-25 қыркүйек аралығында Р. Қошқарбаев даңғылынан бастап А. Байтұрсынов көшесі дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында жүру бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.