Русский Сайттың толық нұсқасы

"АМАNAT" партиясы жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында "Табысқа апарар жол" акциясын бастады

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2023
  • 834

«АМАNAT» партиясы жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында «Табысқа апарар жол» акциясын жүзеге асырмақ. Себебі, партияның қабылдау бөлімдеріне жыл басынан бері тұрғындардан 54 мыңнан аса өтініш түскен. Оның төрт жарым мыңы еңбек қатынасы саласындағы мәселелерге бағытталған. Түскен өтініштерді саралаған партиялықтар жұмыссыздықты азайту, еңбек дауларын дер кезінде шешу мақсатында осындай жобаны қолға алды. Акция жыл аяғына дейін жалғасады.

Ардан АРАЛБАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда жұмыссыздық өте өзекті мәселе болып есептеледі. Себебі, жасөспірімдер жоғарғы білім алғаннан кейін, жұмыссыздықпен кездеседі. Соның кесірінен қазіргі таңда келіп түскен өтініштер ұлғая түсіп, біз осы жобаны ойластырып, мақсатымыз барлық республика бойынша жұмыссыздықтың санын азайту.

Акцияға жұмыс берушілер де қатысады. Қоғамдық қабылдауға өтінішімен келгендерге олар өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынады. Партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткен шараның алғашқы күнінде Астана қаласының тұрғыны Сәуле Елбаеваға мамандығы бойынша қызмет ұсынылды.

Сәуле ЕЛБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен «Big Star» компаниясына менеджер мамандығына қабылданып отырмын. Маған осы сала ұнап отыр. ІТ технология бағытында.