Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ағам мен жеңгем қосылғандай": Қайрат Нұртас пен Жұлдызды бірге көрген көпшілік қуанышын жасыра алмады

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2023
  • 1009

Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде әйелі Жұлдызбен видео жариялады. Желі қолданушылары жұлдызды жұпты қайта көргеніне қуанышты екенін айтып, оларға бақыт тіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұл махаббатқа таң қалам", - деп жазды Қайрат Нұртас Instagram парақшасында. Ал желі қолданушылары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл видеосын қызу талқыға салып, оларға бақыт тіледі.

"Өзімнің ағам мен жеңгем қосылғандай қуаныштымын", "Жұлдыз Қайрат үшін құтты болды", "Екеуін бірге көрсем, қуанамын", "Мәңгі бақытты болыңдар", "Жарасымды жұп", "Жүрегімізді ауырта бермей, бірге жүріңіздерші", "Жұптарың жазылмасын", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова 2007 жылы шаңырақ көтерген. Жұлдызды жұптың екі қызы мен екі ұлы бар.