Русский Сайттың толық нұсқасы

"Өлтіргісі келді",-жәбірленуші

Батыс Қазақстан облысында өзіне көнбеген қызды бес рет пышақтаған күдікті ұсталды. Полиция оның деструктивті діни ағымның өкілі екенін мәлімдеді. Туыстарының айтуынша, жұмысынан түнде шыққан бойжеткенге бейтаныс жігіт күш көрсетіп, көшеде зорламақ болған. Бірақ қыз дегеніне көнбегесін, мойны мен бетінен бес рет пышақтап, қашып кеткен. Қансыраған қыз үйіне келгесін, жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарласады. Қазір күдікті ұсталып, қамауда отыр. Бірақ туыстары оған тағылған айыппен келіспейді. Өйткені қылмыскер қорғансыз қызды пышақтап өлтірмек болған дейді.

Айгүл ӘЛИЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ТУЫСЫ:

Өлтіргісі келді. Солай біз ойлаймыз. Потому что мойнына, басына пышақ тығып, ол өлтіргісі келді менің сіңлімді. Полиция менің сіңлімді қорқытты: сенімен ештеме болған жоқ, жүрсің аяғыңмен, өлген жоқсың деп. Пышақтаған жігіт менің семьям бар, балам бар деп жылаған. Аямау керек деп ойлаймын ондай адамдарды.

Жәбірленушінің туыстары күдіктінің адам өлтірмек болғанына сенімді. Енді осыны дәлелдеу үшін прокуратураға шағымданбақ. Полиция дерегінше, күдікті 34 жастағы азамат.

Гүлсайран АЛБИДАКОВА, БҚО ПД ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде ұсталған азамат деструктивті діни ағымның ұстанушысы екені анықталды. Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы – 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.