Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар үшін Ұлыбританияға виза алу құны қымбаттайды

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2023
  • 914

Ұлыбритания билігі 4 қазаннан бастап қазақстандықтар мен шетел тұрғындары үшін виза құнының 15-20 пайызға көтерілетінін хабарлады, деп хабарлайды ел үкіметі ресми сайтында. Ұлыбритания шетел азаматтары үшін виза құнын көтеру туралы шешім қабылдады.

Ел парламенті 15 қыркүйекте қабылдаған тиісті заң жобасы 4 қазанда күшіне енеді. "Үкімет шілдеде жұмыс істеуге және қонақ ретінде келу визасының құнын 15 пайызға, сондай-ақ оқу визалары мен демеушілік сертификаттар құнын кемінде 20 пайызға өсіретінін жариялады", - делінген хабарламада.

Осылайша, алты айдан аз мерзімге келушілерге визасы құны 115 фунт стерлингке (шамамен 67500 теңгеге) дейін өседі. Ұлыбританияның студенттік визасына өтініш беру ақысы 127 фунт стренлингтен (74500 теңге) 490 фунт стерлингке дейін көтеріледі.