Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда 21 адам тамақтан уланып ауруханаға түсті

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2016
  • 3160

Оралда 21 адам тағамнан уланып қалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, арасында балалар да бар. Өздерін жайсыз сезінген 19 адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Тағы екі адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылыпты. Ауруханадағы науқастардың жағдайы қалыпты, - дейді дәрігерлер.

Белгілі болғандай, олар қаладағы дәмханалардың бірінде тамақтанып, артынша жайсыздықты сезінген. Қазір жаппай улану дерегіне қатысты материалдар тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жіберілді. Дәмхана уақытша жабылған. Полицейлер мен тұтынушылар құқын қорғау басқармасы жағдайды анықтап жатыр.

Флюра Саматова, БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Алдын-ала диагноз - жіті гастроэнтероколит. Жағдайлары қазір орташа ауыр халде. Сонымен қатар емханаларда контактілі тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Барлық пациенттер өздерінің осы жағдайын кешқұрым гамбургер, чизбургер секілді фастфудтар жегендігімен байланыстырады.

Заңғар САНАЙ