Русский Сайттың толық нұсқасы

Әйелінің туған күніне деп есекпен гүл тасыған ер адам көпшілікті тәнті етті

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2023
  • 1025

Қазақстандықтың әйелін, сонымен бірге айналасындағылардың бәрін қуантқан құттықтаудың бейнежазбасы қазнетте таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

Жұбайын туған күнімен құттықтау үшін ер адам жолдасы жұмыс істейтін мектепке есек мініп келді! Әрине, бұл ақ боз ат емес, бірақта қазақстандықтың романтикалық іс-әрекетін мүлдем төмендетпейді.

Сүйіктісі келгеннен кейін, ауыл тұрғыны есегінен түспей, айналасындағылардың қол шапалақтауымен оған 47 раушан гүл шоғы мен торт берді. Куәгерлер атап өткендей, шынайы махаббат осылай көрінсе керек.