Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде ер адам автобуста жолаушыны ұрып, терезеден қашып кеткен

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2023
  • 1053

Ақтөбеде қоғамдық көлікте ер адам өзге жолаушыны ұрып, кейін терезеден қашып кетті. Оқиға 22 қыркүйекте болған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Әлеуметтік желіде ақтөбелік келіншек автобуста бейтаныс адамның күйеуін ұрып-соққанын айтып, видео жариялады. Әйел жүргізушіден есіктерді жабуды талап етіп, полиция шақырған. Алайда ер адам ашық тұрған терезеден қашып кеткен.

Полицейлер күдіктіні анықтады. 40 жастағы ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Видеода ұсталған тұрғын автобус жолаушысымен арада жанжал болғанын, соның салдарынан оны қағып кеткенін айтқан. Ер адам өз әрекеті үшін кешірім сұрады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Баптың санкциясында 2 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе түзеу жұмыстары, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы көзделген.