Русский Сайттың толық нұсқасы

Елена Рыбакина WTA-ны "клоун" мен "циркке" теңеді

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2023
  • 1324

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиодағы (Жапония) турнирдің жеребесіне разы емес, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ұйымдастырушылардың шешімі бойынша Елена Рыбакина бірінші раундта ойнайтын болды, ал Ига Швентек (әлемнің 2-ракеткасы), Джессика Пегула (4), Мария Саккари (6) және Каролин Гарсия (10) сияқты теннисшілер бірден екінші кезеңнен бастайды. Бұған қоса, Елена Рыбакина Ига Швентекпен бір сеткаға түскен, теннисшілер ширек финалдық матчтың өзінде кездесуі мүмкін.

Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) бұл шешімді сынап, Instagram-дағы сторисінде бөлісті.

"Соңғы сәтте ережені өзгерткендеріңізге рақмет.
Әдеттегідей, WTA-ның тамаша шешімі", - деп жазды ол.