Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда банк клиентіне шабуылдаған топ құрықталды

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2016
  • 1967

Алматыда банк клиентіне қарақшылық шабуыл ұйымдастырған күдіктілер құрықталды. 31 қазанда Тимирязев пен Марков көшелері қиылысындағы банк бөлімшесінен шыққан азаматқа белгісіз екеу шабуыл жасаған болатын. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1987 және 1981 жылы туған екі адам қамауға алынған. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу тобының анықтауы бойынша, ірі көлемде қаражат алуға келген клиент туралы оның таныстарының бірі білген. Сол адам сыбайласына хабарлап, тонауға себепші болған деген болжам бар.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Екі адам барлығы 12 млн теңгені қолды қылмақ болған. Банктен шыққан клиенттерге олар шабыуыл жасағанымен, бұл жоспарлары жүзеге аспай қалды. Қазіргі уақыта бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 192 бабы, яғни қарақшылық шабуыл бойынша қылмыстық іс қозағылып, сезіктілер қамуға алынды.