Русский Сайттың толық нұсқасы

"Өмірде бар екенін 15 жыл білген жоқпын". Маралтай Райымбекұлы 4 әйелінен 10 баласы бар екенін айтты

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2023
  • 21023

Танымал ақын Маралтай Райымбекұлы ел білмейтін отбасылық құпиясын ашты. Бұл туралы ол "Алғашқы" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, 4 жұбайынан 10 баласы бар.

"Тағдырым ала құйын. Біресе олай, біресе бұлай. Құдай маған 10 перзент берді. Соны маңдайы жарыған аяулы, ардақты қазақтың 4 қызынан нәсіп қылды. Әлия - менің тұңғыш қызым. Өмірде бар екенін 15 жыл бойы білген жоқпын. Әлияның да тағдыры елге, жұртқа құпия, жабық қалпында қалғанын қалаймын. Өйткені оның себептері бар. Бұл тақырып осы қалпында қала берсе ләзім деп ойлаймын", - деп түйіндеді ол.

Маралтай Райымбекұлы балалары бір-бірін қабылдағанын айтады.

"Алла шүкір. Бір-бірін толық қабылдады. Бұл менің еңбегім емес, балалардың аналарының еңбегі. Отбасымда шайымды құйып отырған Шәкидің еңбегі, басқа да балалардың аналарының еңбегі", - дейді ақын.