Русский Сайттың толық нұсқасы

"Шошып қалыппын". Ажырасқан Балжан Бидаш сахнаға қайта оралды

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2023
  • 10571

Әнші Балжан Бидаш сахнаға қайта оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазба жариялады. 

"Негізі сториске кірмеймін деп едім. Сіздерде қатты сағындым. Сахнадан шығып қалыппын, түсірілімнен босамай жүрмін. Екі күн болды. Кішкене шошып қалыппын" - деп жазды Балжан Бидаш.

Желі қолданушылары өнерпазды сахнаға оралуымен құттықтаған.

"Тілекшіміз", "Бұрынғы Балжанды енді көрдім", "Маған қазіргі Балжан ұнайды","Сахнаға, ортаға оралғаныңа шын жүректен қуаныштымын", - деп жазды олар.


Айта кетейік, бұған дейін әнші Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевке тұрмысқа шығып, 1980-1990 жылдар стилінде дүркіретіп той өткізген еді. Одан кейін жұлдызды жұп арақатынасы тоқтағанын, яғни ажырасқандарын айтты. Ажырасқаннан кейін Жахан Отарғалиев киносын жұртшылыққа ұсынып, Балжан Бидаш әншілікті қайта қолға алғанын жеткізді.