Ақтөбедегі мектептердің бірінде қызылша ауруына байланысты карантин жарияланды. Облыс орталығындағы №11-ші мектептің бір сыныбы оқшауланған.
Білім ордасы басшысының айтуынша, бір баладан ауру табылған. Оның қызылшаға қарсы екпе алмағаны белгілі болып отыр.
Науқаспен қарым-қатынаста болған балалардың барлығы тексерістен өткен. Бұл сыныптың балаларына өзге оқушылармен араласуға уақытша тыйым салынған, деп жазады qazaqstan.tv.
Қоңырау уақыттары да бөлек. Бұл шаралар 5-інші қазанға дейін жалғасады. Соңғы мәлімет бойынша, облыс аумағында 400-ге тарта адамнан індет анықталған.
"Тек бір сыныпта сабақ өтеді. Барлық жағдай жасалған. Желдету, кварц қосу, сол кабинетте әртүрлі жұмыстар жүргізіледі",-дейді мектеп директорының міндетін атқарушы Сүлейменова.