Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысы ПД Көші-қон қызметінің басшысы ұсталды: Антикор жаңа деректерді бөлісті

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2023
  • 885

Абай облыстық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы басшысының ұсталуына қатысты жаңа деректер шықты. Жаңа мәліметтерді Антикор Telegram-дағы ресми арнасында бөлісті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Абай облыстық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жемқорлық күдігіне ілінген.

"Лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Антикор Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.