Русский Сайттың толық нұсқасы

«Тұрғындар балықсыз қалуы мүмкін», - депутат

"Қытайлықтар шығыстағы көлге балық аулайтын техникаларын кіргізген". Әлеуметтік желіде осындай жазба тарады. Зайсан көлінің күннен-күнге тартылып жатқанын көз көріп жүр. Енді оған үлкен ау салуға болмайды. Оны ескермесек, табиғатқа үлкен зардабы тиеді. Осылай деген Күршім ауылының тұрғындары мәжіліс депутаттарынан көмек сұрады.

Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жергілікті тұрғындардың табысы - балық. Балықтарын аулап күнелтіп отыр. Егер анау үлкен ауды салатын болса, елдер ертең балықсыз қалады. Сондықтан бұл бассыздықты тоқтатуды талап еттік. Компания бұл талапты орындайтын болды. Мәселені жергілікті әкім де, прокуратура да назарда ұстаймыз деп отыр.