Русский Сайттың толық нұсқасы

Әнші Наркенже Серкебаеваның екінші күйеуі өмірден озды

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2023
  • 3115

Белгілі әнші Наркенже Серкебаеваның күйеуі дүниеден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаралы хабар туралы әншінің өнердегі әріптесі Мақпал Жүнісова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Қатал тағдыр адамды жиі алдайсың,
Кәрі ме, жас па неге қарамайсың?!
Қазір бар адам кейде ертесі жоқ,
Қайғыңнан есті әсте жия алмайсың.
Шүкір деп келе жатқан жандарыңа,
Құдай-ау, неге ғұмыр сыйламайсың?
Наркенже сіңілім, қайғыңа ортақпын. Жолдасыңның иманы саламат болсын. Алла өзіңе сабыр берсін”, – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Желі қолданушылары өнер иесінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

“Иманы жолдас болсын. Қазаның арты қайырлы болсын әпке”, “Иманды болсын”, “Атынан жарылқасын жатқан жері жаилы болсын”, “Жатқан жеріңіз жайлы болсын”, – деп жазды желідегілер.