Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қалтаңда көк тиын жоқ, Мерседесің қарызға, двухсоткаң кредитте". Дархан Жолшыбеков қандай қиындықтан өткенін айтты

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2023
  • 3713

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков TALK LIKE жобасында тапқан табысын қай кезден бастап есептегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, бір кездері несие алып, қарызға батқан.

"Үйленгеннен кейін бизнестен қашқым келді. Үйленген кезде бір кәсіп болмады. Тек блогерлігім бар. Кәсіп деп айтуға болмайды. Сол кезде осы өмірге дейін қанша ақша таптым, неге менің квартирам жоқ, неге менің қарыздарым бар деп есептей бастадым. 2020 жылдары типа блогерсің. Елдер "ойбай, Дарханның двухсоткасы бар, ойбай Дарханның Мерседесі бар" дейді. Бірақ қалтаңда көк тиын жоқ, бір үйің жоқ, Мерседесің қарызға, двухсоткаң кредитте. Сол кезде шынымен сондай болды. Қатты ойландым, төлемесең қазіп алып кетеді, сонымен бітті арендада қалдың. Өзім арендада тұрамын. Негізі әйелім сөйлемейді. Қатты кіріспейді. Ертең ақша таппаймын, бұл сөйлейді. Сол кезде ойлана бастадым. Сөйтіп, есептеп, әр тапқан ақшамды жазып қойып жүремін. Ақша керек пе, жазып есептеп жүру керек", - дейді ол.