Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында зейнеткер ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2023
  • 1635

Жетісу облысында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің денесі табылған. Полиция 63 жастағы зейнеткер ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Ведомство мәліметінше, бұл факт Кербұлақ ауданында тіркелді. Полиция 28 қыркүйекте алыстағы шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің денесі табылғанын мәлімдеді. Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады. "Ұсталған азамат жәбірленушінің туған әкесі болып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған", - деп хабарлады Кербұлақ аудандық полициясынан. ІІМ мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.