Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде үш айлық сәбиін шайханаға тастап кеткен көкек ана іздестіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2023
  • 1069

Ақтөбеде жаңа туған баласын дәмханаға тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр. Үш айлық баланы анасы дәмхана қызметкеріне бірнеше минутқа қарай тұруға тастап кетіп, сол күйі оралмаған.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі 29 қыркүйекте жедел басқару орталығының "102" пультіне орталық базар ауданындағы шайханада жаңа туған бала табылғаны туралы ақпарат келіп түскенін хабарлайды.

"Оқиға орнына келген ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері таңертең сағат 10.00-де бейтаныс қыздың 3 апталық нәрестені шайханаға тастап кеткенін анықтады. Қыз шайханадағы әйелге барып ақша алып келгенше балаға бірнеше минут қарай тұруын өтінген. Кешке дейін күткен әйел баланы тастап кеткен қыз келмеген соң полицияға қоңырау соққан", делінген полиция хабарламасында.

Нәресте полиция бөліміне жеткізіліп, жедел медициналық бригада шақырылды. Дәрігерлердің айтуынша баланың жағдайы бір қалыпты. Ақтөбе қаласы №3 ҚПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Жаннур Абдоллаева баланың жаялықтарын ауыстырып, тамақтандырып, сәбилер үйіне жеткізді.