Әлеге әйгілі әнші Димаш Құдайберген 29 қыркүйекте Қытайдың Күз ортасы фестиваліне арналған мерекелік шараға қатысты.
Қытайдың CCTV4 телеарнасы Күз ортасы фестивалі мерекесінен тікелей трансляция жүргізді. Димаш Құдайберген осы елдің әншісі Тан Вэйвэймен бірге қытай тілінде «Thousands of Miles, a Common Dream» әнін орындады.
Тан дәуірінің ақыны Чжан Цзюлиннің өлеңіне жазылған ерекше композицияны алғаш рет Димаш Құдайберген 2020 жылы «Мәңгілік классика» жобасында шырқаған болатын.
Ал 2022 жылы қытайлық әнші Инси Чжан Димашпен бірге бұл әнді Sailing жаңа жылдық гала-концертінде айтты. 2023 жылы ол бұл композицияны Қытай мен Орталық Азия елдерінің халықтық мәдениеті мен өнері жылының ашылу салтанатында және Фуронгтағы Қытай-Орталық Азия жастар өнер фестивалінде орындаған еді.
Биыл Димаш Құдайберген Тан Вэйвэймен бірге «Thousands of Miles, a Common Dream» (Мың мильге бір арман) әнін симфониялық оркестр мен әртүрлі елдердің дәстүрлі аспаптары — Африка барабаны, Индонезиялық ангклунг және Непал бансуриінің сүйемелдеуімен орындалды.
Еске салайық, Қытай тұрғындары осы аптаның жұмасында елдегі ең маңызды отбасылық мейрамдарының бірі – Күз ортасы мерекесін (Чжунцюцзе) атап өтті. Ол Ай күнтізбесі бойынша сегізінші айдың 15-ші күнінде тойланады. Биыл мереке 29 қыркүйекке тұспа-тұс келді.