Алматыда анасының 19 жастағы азаматтық некедегі күйеуінен таяқ жеп, ауруханада көз жұмған төрт жасар баланың нағашы әжесі сұхбат берді. Ол "сыртымыздан жала жабуға жол бермейміз" деп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Кінәлағандар менің баламның қасында болған жоқ. Неше түрлі айтып жатыр. Мен баламның жүрегіне қаяу салғым келмейді. Өзі де тірі өлік болып жатыр. Соның өмірін, соның киімі мен аяқ-киімін кисін де, орнына өмір сүріп көрсін. Сосын барып айтсын. Ешкімнің ештеңесін тыңдамаймын да, ол айтатындар айта берсін. Бәрін уақыт орнына заң бойынша кінәлілер жауап береді. Баламның осындай жағдайға апарғызғанына. Қанішерлердің барлығы", - деді Самал Тоқтасынованың анасы.
Ол сонымен бірге қызын колледждегі жұмысынан шығарып, ауылға әкетіп бара жатқанын және оқиғаның жай-жапсарын полиция анықтап, құқықтық бағаны тек сот беретінін айтты.
Ал қамауға алынған күдіктінің үйінің есігін ешкім ашпаған. Көршілерінің айтуынша, бұл пәтерде күдікті ата-анасымен бірге тұрған. Тұрғындар бұл отбасы ешкіммен араласпаған дейді.
"Біртүрлі кісілер. Ана кісі пәтер жалдап тұрамын деп айтты, қызы. Ана кісі әпкемнің үйі деп айтты. Екі түрлі айтты. Бір-екі күн ғана тарс-гүрс деген дауыс естілді. Болды", - дейді көршісі.