Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл Канело-Шарло бокс кешінің андеркардында жекпе-жек өткізді. Жекпе-жек бірдей есеппен аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қазақстандықтың жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті. Аманқұлдың қарсыласы америкалық боксшы Джошон Джеймс болды. Орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа созылып, бірдей есеппен аяқталды.
Әділ қазылардың бірі жеңісті қазақстандыққа 39-37 ұпаймен бергенімен, қазылардың өзге мүшесі Джеймске екі рет 38-38 ұпай берген.
Осылайша Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рингте алғаш рет жеңіске қол жеткізе алмады. 26 жастағы қазақстандық боксшы бұған дейін әр өткізген жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған еді. Аманқұл үшін бұл АҚШ-тағы үшінші жекпе-жек болды.