Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында қаңғыбас иттер мал мен тауықтарға шабуыл жасаған

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2023
  • 1304

Қарағанды облысының Нұра ауданында тұрғындар бір үйір қаңғыбас иттердің малға шабуыл жасап, қой-ешкіні қырып, тауықтар мен қаздарды өлтіріп жатқанына шағымдануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерняя Караганда" Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұра ауылының тұрғындары көбейіп кеткен қаңғыбас иттерге жаппай шағымдануда.

Әкімшілік болса атуға тыйым салатын жануарларға адамгершілікпен қарау туралы заң ды алға тартып отыр. Ауылда тұрғындардың жеке шаруа қожалығында қаңғыбас иттер сегіз қойға шабуыл жасаған. Полиция тергеуді бастады.

"Белгісіз тұлғаға қатысты ҚР ҚК 407-2 бабы 1 бөлігі 4 тармағы бойынша иттер қаңғыбас болғандықтан әкімшілік хаттама толтырылды. Жергілікті атқарушы органдарға қаңғыбас иттерге шара қолдану туралы хат жолданды", - деп хабарлады Нұра ауданының әкімдігі.