Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясының алаңында бизнес өкілдері кездесті

«AMANAT» партиясының алаңында бизнес өкілдері кездесті. Олар кәсіпкерлерді алаңдатқан басты мәселелерді көтерді. Салық жүйесі, субсидия алудан бастап бизнесті қорғау кезіндегі түйіткілдерді талқылады. Бұл мәселелерді Президент биылғы Жолдауында қозғаған еді. Бүгінгі жиынның мақсаты – Мемлекет басшысы айтқан сол проблемалардан шешім шығару. Бұған дейін партиялықтар 230-ға жуық сұрақ жинап, 600 кәсіпкердің басын қосты. Аманаттықтар алдағы уақытта да бизнестің барлық саласын қолдауға дайын екендерін жеткізді.

 Юрий ЖУЛИН, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Партия алаңында бұған дейін дәл осындай бірқатар жиын өткіздік. Атап айтқанда, шілде, тамыз айларында өңірдегі кәсіпкерлермен кездестік. Оларды жауапты орган басшыларымен кездестірдік. Сол арқылы олар өз проблемаларын шешуге мүмкіндік алды.