Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда қауіпті аурудан қырылған сиырларға өтемақы төленеді

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2016
  • 2603

Атырау облысында нодулярлық дерматиттен қырылған сиырдың әр басына қанша өтемақы төленетіні белгісіз. Ел қазынасынан қомақты қаржы бөлінгенімен, жергілікті жауапты мамандар нақты соммасын айта алмай отыр.

Ғалымбек Бисенғалиев, Атырау облыстық бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектор:

Барлық малдардың жасына, жынысына, тұқымдық ерекшеліктеріне байланысты баға белгіленген. Бұл бағаны белгілеу облыстық, аудандық және қалалық комиссияларда қаралады. Бүгінгі күні алынып, жойылған малдардың құжаттары әзірленді, иелерін анықталып, есепшоттар ашылып, казпочта арқылы алынып, жойылған малдардың  құны өтелетін болады.

Айта кетейік, биыл Атырау қаласы мен Исатай, Құрманғазы, Махамбет аудандарынан қауіпті ауруға шалдыққан 7 мыңға тарта сиыр тіркелді. Оның 1119-ы қырылып қалған болатын. Тағы 25-і әлі емделіп жатыр. Мал иелеріне ірі қара құнын қайтару үшін республикалық қазынадан 177 млн теңге бөлінген. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ