Русский Сайттың толық нұсқасы

Төреғали Төреәлінің адвокаты әнші полицейлерді кешіргенін айтты

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2023
  • 823

Адвокат Тілеужан Кішкенебаев әнші Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты жаңа деректер айтты. "Менің өмірім" бағдарламасында әншінің құқығын қорғаушы адвокаты Төреғалидің полицейлерді кешіргенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сот Төреғалидің ісі бойынша оны кінәлі деп тапты. Оған 20, 15, 3 тәулік әкімшілік қамақ түрінде жазалар қолданды. Ол жазасының бәрін өтеді. Бірақ, Төреғалидің құқығы бұзылғаны рас. Өйткені, әу бастан, ұстаған кезден бастап, өзінің асығып бара жатқанын түсіндірген. Олар түсінгісі келмей, мәжбүрлі түрде көліктен шығуын талап еткен. Сол кезде ол "Жақсы, мен қорғаушымды шақырайын. Қорғаушым келсін. Соның қатысуымен сұрақтарыңызға жауап берейін" деген. Бірақ, оған мұрша бермеген. Оны сүйрелеп, көліктен жерге құлатып, бәрі жамырап үстіне мініп алып, қолына кісен салып, ауыр қылмыс істеген адамды ұстағандай ұстады. Ол енді болмайды ғой. Тізесімен басын езу, қолын қайырып, кісен салу деген болмайды. Ол кінәсі дәлелденбеген адам. Олай ұстауға болмайды. Кінәсі дәлелденіп, құқықпен жаза тайындалмады", - деді Тілеужан Кішкенебаев.

Сонымен қатар Төреғали Төреәлінің полицейлерді кешіргенін де айтты.

"Полицейдің артық кеткен жері көп болды. Төреғали Төреәліге мен полиция қызметкеріне қатысты іс қозғауға қатысты материал дайындап қойдым. Бірақ ол кісі "Олардың ата-анасы, бауырлары, туыстары тыңдарманым ғой. Бір жолға кешірейін. Тапсырма берілгесін солай жасаған шығар. Кешірімді болған дұрыс қой" деп, бізді тоқтатып қойды", - деді Төреғалидің адвокаты.