Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұңғышбай Жаманқұлов соңғы уақытта не үшін фильмге түспей кеткенін айтты

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2023
  • 1097

Танымал театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов биыл 75 жасқа толған. Әртіс "Таңшолпан" бағдарламасында соңғы уақытта фильмге түспей кетуінің себебін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өмірдің заңдылығы ғой. Біріншіден, жас келді. Екіншіден, киноға түсетін сәннен өттім. Үшіншіден, артымыздан жастар келді. Төртіншіден, тарихи тақырыптарға фильм түсірілмей кетті. Маған арнайы сценарийлер болмай жатыр. Әр кезеңнің, әр уақыттың алдыңа тосатын заңдылығы, талабы бар. Бүгін өмірде қандай жағдай болды? Ертең қандай жағдай болады? Құдай берген алты немерем бар, алты перзентім бар. Соған енді шүкіршілік етіп жүрген жағдайым бар", - деді Тұңғышбай Жаманқұлов.