Русский Сайттың толық нұсқасы

"Маған үйленші деп өзі келді": Бүркіт әйелі Аишамен қалай танысқанын айтып берді

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2023
  • 1929

Әнші Бүркіт әйелі Аишамен қалай отау құрғанын баяндап берді. Өнер иесі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында әйеліне қол жеткізу үшін екі жыл соңынан жүгіргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Отыздан асып кеттім. Әке-шешем, бауырларым, туыстарым көрген сайын "Қашан үйленесің?", "Қашан тойыңа барамыз?" деп сұрай беретін. Ол кезде мен татар ұлтының қызымен жүретінмін. Екі жыл кездестік. Олар соншалықты әдемі болады. Бірақ, қабағына қарап жүресің. Қашан күледі екен деп сыйлық әперіп әуреленесің. Бір күні бәрінен шаршап кеттім. Мешітке барып біраз жыладым."Егер қиналсаң, Алладан сұра. Беретін нәрсеңді береді" деп ағам айтқан. Сол есіме түсті. Мешітте отырып "Үйленетін ниетім бар. Мына қыз менің тағдырымда бар болса, үйлендір немесе үйленетін қызға кездестірші" деп тіледім. Тура бір аптадан кейін туған күнімді жасап, достарымызбен бас қостық. Сол кездесуге бір досым Аишаны ертіп келіпті. Сол сәттен бастап бәрін ұмыттым ғой. Татар қыз жайына қалды. Сол күннен бастап бір қоңырау шалмадым. Аишаның артынан екі жыл жүгіріп, ол маған қарамады. Екі рет өзім үйленуге ұсыныс жасап, сақинамды салдым. Бас тартты. Үшінші рет "Маған үйленші" деп өзі келді ғой. Үйленген кезде 21 жаста еді", - деді Бүркіт.