Русский Сайттың толық нұсқасы

Азия ойындарында ел қоржынына қос алтын түсті

Ханчоуда өтіп жатқан азия ойындарында ел қоржынына қос алтын түсті. Қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров каноэда 500 метр қашықтықта сынға түсіп, мәре сызығын бірінші болып қиды. Ал Алексей Луценко шосседегі веложарыста ұзындығы 39,6 шақырымды 48 минутта еңсеріп, алтыннан алқа тағынды. 71 келі салмақта өнер көрсеткен боксшымыз Асланбек Шымбергенов жартылай финалда жапон спортшысына есе жіберді. Ол қоланы қанағат тұтты. Жүзуден ел намысын қорғаған спортшыларымыз Алматыға келді. Жанкүйерлер оларды ерекше сән-салтанатпен күтіп алды. Софья Сподаренко Азиадада алғаш рет құрама сапында өнер көрсетті. Ол әуежайдағы атмосфераны көріп, эмоциясын жасыра алмады.