Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында екі полицей жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2023
  • 665

Жетісу облысында кәсіпкерлік нысандарын заңсыз тексерген екі полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданының аумағында орналасқан 7 дәріханаға тексеріс жүргізіп, кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды фармацевтикалық бақылау саласындағы уәкілетті органға жолдаған.

«Жетісу облыстық прокуратурасы бұл әрекеттің заңсыз екенін анықтап, тексеру іс-шараларының нәтижесін жарамсыз деп тапты. Кінәлі полицейлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды»,- деп хабарлады қадағалау органынан.