Русский Сайттың толық нұсқасы

Венецияда көпірден автобус құлап кетті, кем дегенде 15 адам мерт болды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2023
  • 829

Венеция іргесінде орналасқан Местре елді мекенінде адамдар мінген автобус эстакададан құлап кетті. ҚазАқпарат бұл туралы Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті билік мәліметінше, кем дегенде 15 адам қаза болды. Көз жұмғандар саны артуы ықтимал. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Жедел жәрдем бригадалары да жетті.

«Сұмдық трагедия,... апокалипсиске барабар көрініс, сөз жоқ», – деп жазды әлеуметтік желіде Венеция мэрі Луиджи Бруньяро.

Автобус теміржол бойына құлағаннан кейін бірден жалынға оранған. Апат салдарынан Местре мен Венеция арасындағы теміржол қатынасы тоқтатылды.

Билік өкілдері төтенше жағдайда әрекет ету хаттамасын іске асыруға кірісті. Оған сәйкес, шұғыл жәрдем ауруханаларының барлық бөлімшелері ашылып, жұмысқа қосымша күштер тартылады.