Ұстазға сый жасаған жақсы. Бірақ, мұғалімнің мерейін асырамын, ілтипат көрсетемін деп айыппұл төлеп жүрмеңіз. Себебі, сыйлық құны 6800 теңгеден аспауы тиіс. Сонда ұстазға не сыйлауға болады? Тлішіміз айтады.
Ләззат Егізбаева 16 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Осы уақыт аралығында бірнеше шәкірт тәрбиелеп, 4 сыныпты түлетіпті. Бірақ бұл еңбегін ешқашан пұлдамаған.
Ләззат ЕГІЗБАЕВА, МҰҒАЛІМ:
Баланың айтқан алғысы, әрбір сабақта олардың көңіл-күйіне қарап, олардың ризашылығын алу мен үшін бір ерекше. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып жатқан» оқушыларымыз да бар.
Ләззат секілді құшақ-құшақ гүлге көңілдері толып, мерекеде марқайса жөн. Бағалы сыйлық алып, еңбегінің жемісі санайтындар бар. Бұл мәселеге келгенде ата-аналардың пікірі де әрқалай. Бірақ ұстазды ықылассыз қалдырмайтындарын жасырмайды.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Мұғалім оқытып жатқаны үшін айлығын алып отыр ғой, дұрыс па. Оны мысалы мұғалімге деген сыйластық ретінде жасаймыз. Әрдайым емес, бірақ арасында болады.
- Ауру қалса да әдет қалмайды дейді ғой. Өзім не қылмағанымен естіп жатырмын шет жағасын, иә.
- Олардың да еңбегі бар ғой қанша дегенімен. Қаншама балаға тәрбие беріп жатыр.
Заң бойынша мұғалімдерге қомақты сыйлық бергендерге 700 мың теңге айыппұл салынады. Ал лауазымды тұлға, яғни директорға бергені дәлелденсе, бұл сумма 2 млн теңгеге дейін өседі. "Маған бағалы сыйлық" келді деп оны мемлекетке өткізетіндердің де қатары сирек. Берсе бас тартпайтынға ұқсайды.
Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы. Мұғалімдердің балаларға жасаған еңбегі сыйлықтың құнымен өлшенбейді. Шәкірттерінің ұстазына деген сыйластығы мен өмірде жеткен жетістігі берген тәрбиесінің жемісі. Сондықтан оған деген құрметті бір құшақ гүлмен де жеткізу болады.